Жерасты суларындағы газдардың жылыстауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жерасты суларындағы газдардың жылыстауы - құрамындағы газдар әдетте еріген күйде болатын жерасты суларының қозғалыстары нәтижесінде сол газдардың жер қыртысына тән бір өңірлерден екінші өңірлерге қоныс аударуы. Суда еріген газдар сол сулармен бірге жылжуы, немесе диффузиялық және эффузиялық процестер нәтижесіңде жеке жылыстауы ықтимал. Әсіресе диффузиялық процестер нәтижесіндегі газ қозғалыстары маңызды рөл атқарады. Көмірсутекті газдар ішіндегі диффузиялық мұмкіндігі ең жоғары газ метан болып табылады. Этанның, пропанның, бутанның, т.с.с. газдардың диффузиялық коэффиценттерінің мөлшері бірте-бірте кеми береді. Жалпы кез келген газдың диффузиялық коэффиценті температура жоғарлағанда өсіп отырады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}