Жерар де Нерваль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox person Жерар де Нерваль (лақап аты – Үлгі:Lang-fr; шын аты-жөні Жерар Лабрюни, Labrunie; 22 мамыр 1808 жыл, Париж – 26 қаңтар 1855 жыл, сонда) – француз ақын-романтигі. 1827 жылы «Халықтық элегия және саяси сатиралар» (Élégies nationales et satires politiques) атты жинағы жарық көреді. Ақын артына бірнеше өлеңдер жинағы («Немісше өлеңдер» – «Poésies allemandes», 1830; «Сыпайы богема» – «La bohême galante», 1855) мен тарихи драмалар, опералық либреттолар («Фаустты ауыптау» – «La damnation de Faust», 1846) қалдырады. Шығысқа және Германияға жасаған саяхаттары кезінде «Шығыстық өмірдің сахнасы» (Scènes de la vie orientale, 1848), «Шығысқа саяхат» (Voyage en Orient, 1851), «Лорелей» (Loreley, 1852) сияқты кітаптар жазады. Оның өлеңдерін В. Брюсов, В. Козовой, А. Ревич, А. Гелескулдер орыс тіліне аударады.

Дереккөздер

<references/>