Женева конвенциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Женева конвенцияларысоғыс кезінде бейбіт халықты қорғау және әскер мен соғыс тұтқындарын ұстап тұру туралы көп жақты келісімдер. Оларға: “Соғысушы армиялар құрамындағы жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы” (1864 ж. жасалып, 1906, 1929, 1949 ж. қайта қаралған); “Теңіз қарулы күштері құрамындағы кеме күйреуінің нәтижесінде жараланғандар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы” (1949 ж. жасалып, 1907 жылы Гаага конвенциясын ауыстырған); “Соғыс тұтқындарын ұстау тәртібі туралы” (1929 ж. бекітіліп, 1949 ж. қайта қаралған); “Соғыс кезінде бейбіт халықты қорғау туралы” конвенциялар жатады. Женева конвенциялары соғысушы елдерді соғыс майданында қарсы жақтың ауру немесе жаралы болған әскери адамдарына олардың жынысына, нәсіліне, ұлтына, саяси немесе діни сеніміне қарамастан қажетті көмек көрсетуге және соғыс тұтқындары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттерге хабарлауды міндеттейді. Соғыс майданындағы дәрігерлерге, санитарлық ұйымдар мен олардың қызметкерлеріне, жаралылар мен ауруларды таситын көлікке шабуыл жасауға тыйым салады, жаралылармен бірге қолға түскен санитарлық қызметкерлер соғыс тұтқыны болып есептелмейді. “Бейбіт халықты қорғау туралы” конвенция бойынша басып алған жерлерде халыққа зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады, керісінше, сол жердің халқын азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүктеледі. Жауласушы мемлекеттер өздерінің армиясын осы конвенциялармен таныстыруға және орындатуға міндетті. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Женева конвенциялары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}