Жеміс салу мерзімділігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Осень Украина.JPG
Украинадағы Жеміс ағаштарының жеміс салу мерзімділігі

Жеміс салу мерзімділігіжеміс ағаштарында генерациялық кезеңдік болуына байланысты өнімді, аз өнімді және өнімсіз жылдардың алмасып келуі. Өсімдіктердің жеміс салуының алғы шарты — генерациялық бүршіктердің дифференциясы мен олардың орналасуы болып табылады. Шекілдеуікті дақылдарда айқын мерзімділіктің болу себебі өсу мерзімдерінің, жемістердің дамуының және генерациялық бүршіктерінің дифференциясының біркелкілігі болып табылады. Жеміс ағаштары жеміс салу мерзімділігіне ауысқанда бүршіктер мен гүлдер температураның төмендігінен, түрлі аурулар мен зиянкестердің зақым келтіруінен, өсімдіктің шамадан тыс өнім беру әсерінен әлсіреп, жаппай қурай бастайды. Сонымен қатар жеміс салу мерзімділігінің ретсіз болуына ағаштардың генетик. қасиеті, мыс., гүлдер мен түйіндердің шамадан тыс шоғырланып орналасуы да әсер етеді. Жеміс салу мерзімділігіне бейімділік алма ағашында көбірек, алмұртта азырақ, ал сүйекті дақылдарда тіпті аз байқалады. Алманың барлық сорттарында өнім жоғары жылдары генерациялық бүршіктер аз болады. Ағаштардың жеміс беруі өте жоғары болған жылдары өнімді жинауда, тасымалдауда, сақтауда және өңдеуде қиындықтар туады. Сондықтан гүлдер мен түйіндерді химиялық, т.б. тәсілдермен сиретіп, өсімдіктің ылғалдылық және қоректік режимін жақсартатын әдістерді қолдану қажет. Сонда жеміс ағаштарының жыл сайын бірқалыпты жеміс салуына жағдай туады. Ал ағаштың жасы ұлғайған сайын бұтақтарын кесіп отыру қажет. Бұл өсуді қалпына келтіреді және генерациялық бүршіктердің шамадан тыс орналасуын азайтады. Бақты дұрыс орналастыру да өте маңызды. Әрбір аумақта ағаш саны жеткілікті жағдайда шекілдеуікті жемістерден жыл сайын тұрақты өнім алуға болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеміс салу мерзімділігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}