Желқарағай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Желқарағай - Күнгей Алатау жотасындағы асу, Ыстықкөл (Қырғызстан) мен Шілік өзені алаптарының суайрығы.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3850 м. Асудың оңтүстік беткейі қарсыз, ал солтүстік беткейінен Қорымдық мұздығы басталады. Желқарағай асуынан өтетін жол Қорымдық өзенінің (Шіліктің оң саласы) жоғарғы ағысы арқылы Ақсуға құятын Желқарағай өзенінің бастауымен жалғастырады. Асуды Ыстықкөлдің жағасынан Алматыға саяхат жасаушы туристер пайдаланады.<ref>"Қазақ энциклопедиясы,3 том"</ref>