Желін емшегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Желін емшегі ; (Үлгі:Lang-la papilla - емшек, uber — желін) — ішкі қуысы емшек қойнауы мен емшек өзегінен құралған желіннің терілі-етті өсіндісі. Желін емшегінің қабырғасы үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан, сыртқы — теріден тұрады. Емшек қойнауының кілегейлі қабығы өз кезегінде үш қабаттан құралған. Кілегейлі қабық ішкі жағынан екіқабатты текше тәрізді эпителиймен астарланған. Оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған өзіндік тақташа мен тым нашар жетілген кілегейліасты негіз болады. Емшек өзегі кілегейлі қабығының құрылысы да осы аталған қабаттардан тұрады. Бірақ, бұны көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Емшек қабырғасының ортаңғы — бірыңғай салалы ет ұлпалық қабығы төрт қабаттан тұрады: ішкі — ұзынша қабат, оның сыртындағы — сақинаша қабат, одан кейінгі үшінші — аралас қабат және сыртқы сәулелі (радиальды) қабат. Етті қабықтың сақинаша қабатыемшек ұрпінің қысқыш етінің (сфинктерінің) қызметін атқарады. Ол жиырылып емшек ұрпін қысып, сүтті ұстап тұрады. Емшек қабырғасының сыртқы қабығы — тері.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Желін емшегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}