Желін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Bezerro mamando REFON.jpg
Сиырдың желіні.

Желін (uber) — ұрғашы сүтқоректілердің сүт безі. Сиыр желіні төрт бөліктен, ал жылқы, түйе, қой мен ешкі желіні екі бөліктен тұрады. Әр бөлікте бір емшектен болады. желін оң және сол жарты бөлікке, олардың әрқайсысы алдыңғы және артқы болып бөлінеді. Емшекте ерекше сезімтал жүйке ұшы — рецепторлар орналасқан. желіннің бездік не секреторлық тіні көптеген көпіршіктер (альвеол) мен шығарғыш түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің қабырғасы жиырылғыш клетка қабатынан, сондай-ақ, ішкі қабаты сүт түзілетін бездік эпителийден тұрады. Шығарғыш түтікшелер қосыла келе сүт астауына ашылатын сүт түтіктерін құрайды. Сүт астауының емшек бөлігі емшек түтігімен аяқталады, ал ол дөңгелекше бұлшық ет — сфинктермен қапталған. Сауын қиындығы осы сфинктердің тонусына тікелей байланысты. Сиыр желінінің сыйымдылығы 15 л және одан да көп болады. Сүттің 40%-і сүт астауында және түтікте, қалғаны көпіршіктерде жиналады. Желінді пішініне, сыйымдылығына және еніне қарай бағалайды. Сүтті сиырлардың сауылған желіні босап, терісі жиырылады. Мұны “астау желін” деп атайды. Сүті аз сиырлардың желінінің көлемі сауғаннан кейін өзгермейді. Мұны “ет желін” не “тас желін” дейді. Кейде қой желінін аумағына қарай “саптыаяқ желін”, “қара желін” (желін безі қатты, сүті аз) дейді. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Желін|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}