Желтоқсан қарлығаштары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Желтоқсан қарлығаштары» (кітап) – Болатбек Тәңірбергеннің публицистикалық жанрда жазған кітабы. 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ қыздарының қайсарлығы туралы сыр шертілген. Бұл кітап Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша 2010 жылы жарық көрген. 191 беттен, 4 бөлімнен тұрады. 1-бөлім – Ұлтазаттық күрестерден желтоқсан көтерілісіне дейін; 2-бөлім – Желтоқсан, қыздар, тағдырлар; 3-бөлім – Желтоқсандық қыздар естелігі елдіктің сырын шертеді; 4-бөлім – Қаһарман қыздар қайда жүр? деген тақырыптармен берілген. <ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы. ISBN 788-548-4258-64-5.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}