Желкен (Armoracіa)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Желкен (ағылш. Armoracіa) — орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік . Еуразияда екі түрі бар. Кәдімгі Желкен ( ағылш. rustіcana) — көкөніс дақылы, тамырында С витамині, эфир майы, фитонцидтер бар. Тамыры жуан, тармақты болып келеді, оны тағам ретінде пайдаланады (фитонцидтік қасиеті бар). Желкенді тамырымен көбейтеді (ұзындығы 15 — 20 см, жуандығы 1 — 1,5 см, 45° бұрышпен отырғызады). Көктемде немесе тамыз айында қатарлап (1 га-ға 40 — 55 мың өсімдік) егеді. Тамырын күзде жинап, іріктеп алады. 1 га-дан 300 ц-ге дейін өнім алуға болады. Ал шалғындық Желкен (ағылш. sіsymbrіoіdes) —жабайы өсетін өсімдік, тамыры жеуге жарамды. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Желкен (Armoracіa)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}