Жексенбек Еркімбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жексенбек Еркімбеков (5.1.1930 жылы туған, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Биғаш ауылы) – мәдениет және қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырашы-дирижер, оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ радио коммитетінің жанындағы ұлт-аспаптар оркестрінде, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде домбырашы болған ол Бухарест қаласындағы Дүниежүзілік жастар мен студенттердің 4-фестиваліне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. 1956 – 58 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры, Қазақ радиосы музыка редакциясының көркемдік жетекшісі, Қазақ КСР-і ән-би ансамблінің директоры, 1959 – 61 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мәдениет секторының меңгерушісі, 1961 – 66 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрының директоры қызметтерін атқарды. 1966 – 76 жылдары Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде өнер басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, Мәдениет министрі (1976 – 87) болып қызмет етті. Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры 9 – 11-сайлау Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 рет “Құрмет белгісі” ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жексенбек Еркімбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}