Жеке күзет ұйымның құқықтық мәртебесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өзінін кәсіпкерлік қызметі ретінде жеке адамдардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін,сондай-ақзанды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметтерін көрсететін (күзет қызметтерін керсету) коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады.Жеке күзет ұйымының өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ Жеке күзет ұйымы күзет қызметін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының және күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады. Жеке күзет ұйымының күзетші қызметін атқаратын қызметкерінде күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етілмейді. Жеке күзет ұйымының күзетшісі қызметіне Қазақстан Республикасының кәмелетке толған және күзетшінің арнайыда ярлығынан (күзетшіні оқытудын арнаулы қурсынан) өткен азаматтары қабылдана алады. Күзетшіні арнайы даярлаудың (күзетшіні оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}