Жеке басқа қол сұқпаушылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеке басқа қол сұқпаушылықазаматтардың конституциялық құқы мен бостандықтарының негізгі принципі. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында (12-бап, 2-тармақ.) “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп жазылған. Сондықтан азаматтарды заңда көрсетілген реттерде ғана соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Тұтқындалған адам заңсыз әрекет туралы сотқа шағымдануға құқылы. Прокурордың санкциясынсыз азаматтарды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана қамауда ұстауға болады. Қажетті жағдайда әр адамның білікті заң көмегін алуға құқысы бар. Әрбір адамның жеке өмірі, отбасының құпиясы, абыройы мен ар-намысы, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы алысқан хабарларының құпия сақталуы заңмен қорғалады. Сонымен бірге азаматтардың тұрғын үйіне заңсыз басып кіруге, тексеру, тінту жүргізуге жол берілмейді, ол үшін заң орындарының тиісті рұқсаты қажет. Тұрғын үйден айыруға сот шешімінсіз жол берілмейді. Адамдардың жеке басы мен өміріне қол сұғу әрекеттері азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады, ол үшін айыпты деп табылған адам тиісті жауапкершілікке тартылады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеке басқа қол сұқпаушылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}