Жекешағыл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Désert-algérien.jpg
ЖЕКЕШАҒЫЛ
ЖЕКЕШАҒЫЛ– Арғанаты тауының оңтүстік-шығысы мен Арқарлы тауының солтүстік бөлігінде орналасқан құмды алқап. Алматы облысы Алакөл ауданында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері 11 км. Аумағы 86 км². Жер асты суының 3 – 5 м тереңдіктегі минералдылығы әр түрлі. Маңында Белсексеуіл, Тауқұм, Қарақұм, Сарықұм құмдары бар. Құм төбешіктерінде жусан, еркек шөп, сексеуіл, т.б. бұталы ағаштар өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>