Жекедаралық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жекедаралық — "тұлға" — адам дамуының ең жоғарғы деңгейі, ал "жекедаралық" — бұл тереңдік өлшем деген пікірді білдірді. Жекедаралық — адамның өмір жолының жоғарғы синтезі, интегралды нәтижесі. Ол, бір уақытта, адамның индивид, тұлға және субъект ретіндегі өзіншелігі мен қайталанбастығын білдіреді. Жекедаралық ретіндегі адам өмірдің әлеуметтік нормаларын өзінше, авторлық "оқуында", өзінің ерекше дара өмір тәсілін, өзіндік дүниетанымын, оз келбетін құруында, оз ар-ожданына сүйенуінде ашылып көрінеді. Тұлғаның өзіншелігі мен айрықшалығы оның жекедаралық деңгейінің пайда болуын білдіреді. Жекедаралық — дамыған өзін-өзі реттеуші жүйе. Дамыған тұлға кедергілерге тұрақты болып келеді және тұйықтылықпен сипатталатын, айқын, дамыған өзіндік санаға ие. Осындай жетілген "Мен" жүйесі қоршаған ортаға қатысты дамудың фильтрі болып табылады. Сонымен қатар, дамыған тұлға өнімді және жасампаз болады. "Жекедаралықты" адамның дүниедегі мағыналық қатынастары мен бағдарларының жиынтығы ретінде түсінеді. Олар адаммен қоғамда өмір сүру барысында игеріледі және оның құндылықтар иерархиясында бағдарлауын, түрткілер күресі жағдаятыңда мінез-құлықты меңгеруін қамтамасыз етеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}