Жезқазған - мыс қаласы (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған - мыс қаласы - «Тылым» баспасынан жарық көрген кітап (Алматы, 1966), көлемі 182 бет. Авторлары Л.А.Пинегина мен С.А.Федюкин. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институты ғылым кеңесінің шешімімен орыс тілінде жарияланған тарихи очерк. Тарихи сипаттама деректері мол, олар көптеген ескі архивтерден сұрыпталып, бәріне сілтеме берілген. Кітап кіріспе және қорытынды бөлімдерімен қоса «Жезқазғанның басталуы», «Қарсақбай - Қазақстанның кеңестік мыс өндірісінің тұңғышы», «Жезқазған Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Үлкен Жезқазғанды құру жолында» деп аталған 4 тараудан тұрады. Оның әрқайсысында Ұлытау бауырайындағы үлкен өндірістің, Жезқазған мыс кенішінің, Қарсакбайдағы мыс зауытының және осы атыраптағы елді мекендердің 100 жылдан астам тарихы нақты айғақтармен сипатталған. Кітапта осы өңірдің кен байлықтарын кешенді зерттеуші академик Қаныш Сәтбаевтың ұлан-ғайыр еңбегі нақтылы айғақтармен сипатталған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған - мыс қаласы (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}