Жезқазған мыс кенді ауданы (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған мыс кенді ауданы - 1968 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Ғылым Академиясының «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарыққа шыққан академик Қаныш Сәтбаевтың таңдамалы шығармасы. Көлемі 25,5 баспа табақ. Редакциялық алқа: Ш.Е.Есенов (бас редакторы), И.И.Бок, Р.А.Борукаев, В.В.Гурба, Г.Б.Жилинский, А.Қ.Қайыпов, Т.А.Сәтбаева, С.Ш.Сейфуллин, В.И.Штифанов, Г.Н.Щерба. Еңбектің алғашқы бетінде Сәтбаевтың суреті берілген; кітап 32 иллюстрациялық материалдармен безендірілген.

Кітаптың алғы сөзінде ғалымның еңбектерінің үлкен теориялық және практикалық мән-маңызы, Қазақстан минералды байлықтарын ашудағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикадағы алғашқы металлогендік ғылымның негізін салушы екендігі ерекше атап өтілген. 1-томға академиктің кең көлемді өмірбаяны мен 12 еңбегі (оның ішінде төртеуі алғаш рет жарияланып отыр) енген. Оларда Жезқазған ауданындағы геологиялық қазба байлықтарының қалыптасуы, кендердің сипаттамасы мен құрамы, түзілу шарттары, кенге айналуын бақылау, оның генезисі, еліміз үшін болашағы мен маңызы, Кеңес Одағында және дүние жүзіндегі басқа мыс кен орындары арасында алатын орны жайында айтылған. Кітап геолог-мамандарға арналған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған мыс кенді ауданы (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}