Жезқазған мыс балқыту зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған мыс балқыту зауыты - мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. Академик Қаныш Сәтбаевтың 1935 жылы «Жезқазғанның жер жүзілік маңызы бар мыс байлықтарын пайдаға асыру» («Социалды Қазақстан», 1935, 5-маусым) жолындағы ғылым ойы мен көрегендігі нәтижесінде туған идеясы негізінде 1966 жылы Жезқазғанда жаңа мыс зауытының құрылысы басталды. Ол 1971 жылы пайдалануға беріліп, сол жылдың 23 ақпанында алғашқы катод мысын берген күнінен зауыттың жаңа тарихы басталады. 1977 жылы желтоқсанда күкірт қышқылы цехының төртінші жүйесі іске қосылуымен кешеннің белгіленген барлық құрылыс аяқталып, зауыт толық қуатына көшті.

Жылына орта есеппен 250 мың тонна таза мыс өндіріледі. Негізгі өнімі - тазалығы 99,99% бағаланған катод мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. Ол Голландия, Швеция, Түркия, Жапония, Қытай және ТМД елдеріне жөнелтіледі. Негізгі өнімнен басқа зауытта қорғасын тозаңы, алтын, күміс, рений шығарылады. Шетелдік инвестор Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы келуіне орай 1995 жылы өндірістік қайта жарақтандыру жұмыстары басталып, шетелдік жабдықтар қойылды. Кен-термикалық пештері Швецияның «Болиден Контек» фирмасының жобасы бойынша қайта жабдықталды; конвертор, анод бөлімшелеріндегі барлық қуаттан артық өнім өндіруге жол ашылды.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған мыс балқыту зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}