Жезқазған кендерін зерттеу ісіндегі жаңалықтар (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған кендерін зерттеу ісіндегі жаңалықтар - 1970 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Ғылым Академиясының «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарық көрген кітап, көлемі 11,75 баспа табақ. Бас редакторы - Қазақстан Ғылым Академиясының академик Ш.Е.Есенов. Кітапқа И.К.Ахметов, Р.Б.Әубәкірова, М.Қ.Сәтбаева және А.Б.Юсупованың Жезқазған кен орындарының геологиясы, минерологиясы мен геохимиясы мәселелеріне арналған жұмыстары енген. Еңбек академик Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесіне арналған. Жезқазған кенді ауданының солтүстігінде орналасқан Жыланды тобына жататын кен орнының геология-минерал, ерекшелігі егжей-тегжейлі талданып жазылған, кен орнының тотығу зонасын зерттеу көрсеткіштері баяндалған.

Әр жұмыстың соңында қорытынды жасалып, әдебиеттер тізімі көрсетілген. 33 сурет, 17 кесте, 177 әдебиеттер тізімі берілген. Кітап геологтарға, геохимиктерге, минералогтарға және кен ісі мамандарына арналған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған кендерін зерттеу ісіндегі жаңалықтар (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}