Жедел корреспонденция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жедел корреспонденция – корреспонденцияның аса жылдамдықпен, тез орындалатын түрі.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref> .

Жедел корреспонденция арқылы журналистің табиғи дарыны мен қабілетінің шамасын оп-оңай анықтауға болады. Себебі жедел корреспонденцияда журналист барлық қарым-қабілетін ортаға жайып салады. Оны түзетуге немесе өзгертуге уақыттың тығыздығы кедергі келтіреді. Сондықтан жедел корреспонденция жасауға кәсіби маманданған, қабілетті, аса дарынды журналистер ғана батыл бара алады.

Ол озат бастама мен тыңнан туған ой-пікірлерді тақырыбына негіз жасай отырып, жан-жақты, нақтылы, деректі әрі дәйекті корреспонденцияны жылдам жазып шығару керек.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}