Жебір ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жебір ауруы мал ағзасында витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру. Аурудың негізгі себебі — малды құнарсыз жемшөппен азықтандыру. Көбінесе жас төл, буаз және сауын сиырлар ауырады. Жебір қыстың екінші жартысында және ерте көктемде байқалады. Жебірмен ауырған жас төл өспей қалады, жемшөпке тәбеті болмай, жата береді. Ересек малдың жыныстық қабілеті бұзылады, төлі әлсіз туады. Жетіспейтін витаминге байланысты аурудың өзіне тән белгілері болады. Мысалы, ретинол (А витамині) жетіспесе, мал нашар көреді, тыныс алу жолдары және көздің шырышты қабаты қабынады; тиамин (В витамині) жетіспесе жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, т.б. Аурудың алдын алу және емдеу үшін жемшөпке витаминді препараттарды қосып, малды құнды жемшөппен азықтандыру керек. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жебір ауруы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}