Жаhангер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЖАhАНГЕР (1569 — 1927) — ұлы моғолдар мемлекетінің билеушісі (1602 — 1627), Бабырдың шөбересі. Жаһангер әкесі Акбардың билігі кезінде Аллахабадтың әміршісі болды. 1602 жылы әкесінің Декандағы кеңесшісі әрі тарихшысы Абу-л-Фазлды бундела тайпасының көсеміне өлтірткізіп, бүлік шығарды. Жақын досының өліміне, баласының опасыздығына күйінген Акбар ауруға шалдығып, 1605 жылы қайтыс болды. Таққа Жаһангер отырды. Оның билігі кезінде Акбар жариялаған барлық діндердің ынтымағы саясатынан ауытқу орын алып, үнділер мен мұсылмандардың біраз бөлігінің наразылығын туғызды. Жаһангердің үлкен ұлы Хұсрау Пенжабқа қашып барып, көтеріліс ұйымдастырды. Оны сикхтер көсемі қолдап, қаржылай көмек көрсетті. Бірақ Хұсраудың әскері жеңіліп, жақтастары өлім жазасына кесілді, өзінің көзі ойылып алынды. Алайда, орталық үкіметтің билігі әлсіреп, ірі тайпа ақсүйектері күшейе бастады. Мемлекетте жемқорлық дендеді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясы Жаһангерден Суратта сауда факториясын ашуға рұқсат алды. Жаһангер жаңа жерлер басып алу арқылы билігін нығайтуға ұмтылды. 1614 жылы Меуарды, 1615 — 1620 жылы Пенджабтың Кангр қамалдарын бағындырды. Бірақ 1622 жылы парсылар ұлы моғолдар мемлекетінің сауда керуенінің кілті болып табылатын Кандагар қаласын тартып алды. Жаһангердің соңғы жеңісі 1622 жылы Кашмирдегі шағын князьдік Киштуарды басып алу болды. Өмірінің соңғы жылдарында ол мемлекеттік істерден шеттеп, билік тізгінін әйелі Нур-ЖиҺанға ұстатты. Жаһангер — “''Тузик-и-Жаhангири''” атты естеліктер кітабының авторы.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаhангер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}