Жаһанша Мырзаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаһанша Мырзаұлы (25.10.1935 жылы туған, Отырар ауданы Еңбекші ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1991). ҚазМУ-дің қазіргі (ҚазҰУ) физика және математика факультетін бітірген (1957).<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> 1957–59 жылдары Шымкент педагогикалық институтында жұмыс істеді. 1959–62 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің аспирантурасында профессор В.А. Плисстің жетекшілігімен тербелістер теориясы бойынша ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 1962–81 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының математика және механика институтында ғылыми қызметкер. 1981 жылдан ҚазМУ-де доцент, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры. 1991 жылы Украина ғылым академиясының Математика институтының арнаулы кеңесінде докторлық диссертация қорғады. 100-ден аса ғылыми мақалалардың, екі оқу құралының авторы. Халықаралық биографиялық орталықтың (Кембридж, 2001) дипломымен және медалімен марапатталған.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаһанша Мырзаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}