Жаңғырық мұздығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұздық

Жаңғырық мұздығы - Іле Алатауының орта тұсындағы оңтүстік беткейлік қазаншұңқырда қалыптасқан мұздық. Талғар шыңын Күнгей Алатауымен жалғастыратын Шілік-Кемін кезеңінің шығысында (4490 — 4520 м биіктікте) жатыр. Шілік (Жаңғырық тармағымен) және Шу өзендерінің салалары (Шоң-Кемін) осыдан басталады. Мұздық суы терең шатқалға құлап аққанда төңірегіне түрлі тембрлі жаңғырық шығады. Сондықтан мұздық “Жаңғырық мұздығы” деп аталған.

Аумағы

Жалпы ауданы 17,7 км2 (ашық бөлігі 17,3 км2), ұзындығы 8,9 км, таза мұзының көлемі 2 км3. Абляциялық ауданы 5,9 км2. Фирн алаңы 3950 м-ден жоғары қарай орналасқан. Мұздық тілі 3510 м-ге дейін төмендейді. Жаңғырық мұздығы орташа есеппен жылына 9-10 м-ге қысқаруда. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub