Жаңсақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазіргі қазақ тілінде бүл сөз — жаңылыс, теріс, қате деген ұғымдарды меншіктенеді. «Дегені рас, жалғаны жаңсағы жоқ» (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).

Сөз төркіні түркі тілдері екендігін ертедегі жазба ескерткіштер және қазіргі түркі тілдері деректері анықтайды, йаңша — мылжыңдау, көп сөйлеу; йаңшақ — мылжың, көп сейлейтін адам. Дәл осы мағынада, дыбыс құрамы жағынан да сәйкес сөз тува тілінде кездеседі, чалчаачы — мылжың адам. Егер қазақ тіліндегі «мылжыңды» ертедегі түркі тіліндегідей «жаңсақшы» деп айтсақ, мына тува тіліндегі сөз дыбыстық құрам жағынан көп ерекшеленбейді. Тіпті моңғол тілінде де осы тұлғалас «чалчаа» немесе «яншаа» сөздері біздегі «мылжың» мағынасында қолданылатынын ескерсек, «жақсақ» сөзінің алғашқы мағынасы түркі, моңғол тобындағы тілдерге ортақ болғандығы анықтала түседі. «Жаңсақ» сөзінің қазақ тіліндегі казіргі мағынасы — туынды, ауыспалы мағына деп топшылаймыз. Өйткені көп сөйлеген адамның сөзінің ішінде дұрысынан гөрі жаңылыс, теріс, қатесі басым болатыны шындыққа жақын.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}