Жаңа өмір журналы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
“Жаңа өмір” — Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қазақ және ұйғыр оқушыларына арналып шығарылған қоғамдық-саяси, әдеби, ғылыми және суретті журналы.
1944 - 1949 жылы “Қазақ елі”, 1949 - 1957 жылы “Жаңа өмір” деген атпен Алматыда қазақ, ұйғыр тілдерінде араб әрпімен айына бір рет шығып тұрды. Көлемі 5 баспа табақ, таралымы 5000 дана. Журнал көрнекті жазушылардың сыйлық алған шығармаларын, қазақ және ұйғыр жазушылары мен ақындарының туындыларын, бастауыш мектептерге арналған оқу материалдарын жариялап отырды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>