Жаңасаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ЖаңасазЖамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан, егемендік алғанға дейін "Коньзавод" аталып келген. Еліміз егемендік алғаннан кейін облыс әкімінің 24.01.1995 жылғы шешімімен аталмыш ауыл "Жаңасаз" атауын қайта алды. Жаңасаз атауы туралы екі түрлі ел аузында аңыз-әңгіме бар.

Біріншісі, ертеде ауыл жұрты егін егіп, диханшылықпен айналысады. Талас өзенінен арық тартып жерін суарады. Сол уақыттарда елге жау шабады да, халық жерін таста құмға көшіп кетеді. Ал арықтың суы байланбай қалып, жерді бірнеше жыл бойы су басып жатады. Жау кеткеннен соң халық қоныстарына қайта келсе, су жайылып жатқан жерге жаңадан саз байланып, бірнеше ұсақ көлдер пайда болған деседі.

Екіншісі, ертеде жергілікті халық жазда егін егіп, қыста құмға көшіп отырған. Сондай бір жылдары ел қысқы қыстауға көшкенде су молайып, егін еккен жерлерге су жайылып, жаңадан саз пайда болады. Сол көлшіктердің орындары әлі бар. Олар: Ояр, Жетімсаз, Шойынбет және Жексенбі көлшіктері. Олардың бұлай аталу себебі, сол көлшіктердің жағасында отырған кісілердің аттарымен аталған. Содан халық бұл жерді "Жаңасаз" атап кеткен. <ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері