Жаңарық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаңарық — орта ғасырдан сақталған ежелгі қала орны. Бөген өзенінің бойында, қазіргі Шілік ауданынан (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы) шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі Қ.Ақышев) зерттеген. Қала орны солтүстік бағыт бойынша 190 м-ге, батыс-шығыс бағыттары бойынша 300 м-ге созылып жатыр, биікт. 7 — 8 м. Жаңарықтың оңтүстігінде төбесі жазық дөңгелек мұнара тәрізді қамал болған. Оның төбесіндегі тегіс алаңның диаметрі 3 м, биіктігі 13 м. Айналасы бекіністік дуалмен қоршалған. Археологиялық қазба деректері қаланың 7 — 8 ғасырлардан бастап 13 — 15 ғасырларға дейін болғанын анықтады. Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар, әр түрлі темір бұйымдар (пышақтар, қол орақ сынықтары), тас диірмендер, шыны көзелер бұл аймақтағы халықтың отырықшы болғанын, мал шаруашылыңымен, қолөнермен айналысқанын көрсетеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>