Жаңажылдық ертегі (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

2012 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесінде орналасқан ғимаратында «Жаңажылдық ертегі» көрмесі ашылды. «Жаңажылдық ертегі» – мұражай-қорық қорындағы жаңажылдық керек-жарақтар коллекцияларының көрмесі.

Көрмеде XX ғасыр ортасы – XXІ ғасыр басындағы жаңажылдық шыршалық ойыншықтар, Аяз Аталар, Қаршақыздар коллекциялары, сондай-ақ жаңажылдық керек-жарақтар: кәдесыйлар, балаларға сыйлықтар, бетперделер мен басқа да көптеген дүниелер назарға ұсынылған.

Өткен ғасыр ортасы мен соңындағы жаңажылдық ойыншықтарда заманауи дизайнерлік нәзіктік жоқ: әр ұрпақтардың Аяз Аталары мен Қаршақыздары кезінде қағаздан, мақтадан және папье-машеден, пластмассадан жасалған, олардың өңі кеткен, көнерген. Сөйткенмен де олар бізді балалық шағымызға – ойда жүрген асыл армандар Жаңа Жылда орындалатын ертегі еліне оралтады.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА