Жаңаберген Сүлейменұлы Қармандаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаңаберген Сүлейменұлы Қармандаев - 1965 жылы 1 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылында туған. Қазақ. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрибесі факультетін бітірген (2002), жаттықтырушы-оқытушы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1988 жылдан - СҚО Мамлют ауданы Ленин орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің муғалімі.
  • 1993 жылдан - Арқалық қаласы грек-рим күресінен жаттықтырушы.
  • 1998 жылдан - Петропавл қаласы грек-рим күресінен жаттықтырушы.
  • 2002 жылдан - Алматы қаласы Республикалық спорт колледжінің спорт ғимараттары меңгерушісі.
  • 2004 жылдан - еркін күрестен ҚР құрама бастығы.
  • 2006 жылдан бері - грек-рим, еркін, әйелдер күрестерінен мемлекеттік жаттықтырушы. ҚР Күрес федерациясының бас хатшысы (2010 жылдан). Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қүдайбергенов Асхатты; жастар арасындағы Азия чемпионы Елмуратов Нұрдәулетті тәрбиелеген. ҚР Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2007). Грек-рим және еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2008).

Әскери атағы - запастағы старшина.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Хоббиі - оқу, туризм.
Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем және тарихи әдебиеттер.

Үйленген. Жұбайы - Қармандаева Гүлнара. Ұлдары - Сүлейменов Азамат (1991 жылы туған), Сүлейменов Жәнібек (1993 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub