Жақұт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақұт, көк жақұт, сапфир – оксидтер класының минералы, корундтың мөлдір түрі. Алмастан кейінгі ең бағалы асыл тас. Химиялық формуласы Al2O3, құрамындағы Fe, Tі иондары минералға көк не көгілдір рең береді. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары қос пирамида, бөшке пішіндес агрегаттар түзеді. Тығыздығы 3,9 – 4,1 г/см3. Тарихтағы ең белгілі жақұт кристалдары Шри-Ланка, Мьянма және Үндістан жерінде табылған. Қазіргі кезде жақұт Австралияда көп өндіріледі. Қазақстанда Қарағанды облысындағы Шешенқара, Жәнет, Сымтас, Семізбұғы кен қазбаларында кездеседі. Жақұт зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Жасанды жолмен алынатын синтетикалық түссіз жақұт кристалдары микроэлектроникада, техникада, т.б. салаларда қолданылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақұт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}