Жақыпбек Малдыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Малдыбаев Жақыпбек (15.5.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шеңгелді ауылы — 8.6.1938, Ташкент маңы) — тұңғыш қазақ ұшқышы. Ауыл мектебінде мұсылманша сауат ашып, алтын кендерінде, ауылдық кеңестерде әр түрлі қызмет атқарған. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Түркістан ерекше атты әскер бригадасының 82-полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 жылы наурыздан Біріккен Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінде оқыды. 1933 жылы 1 қаңтарда ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепті, онан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітірді. 1934 жылы 24 шілдеде Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы 40-ерекше авиация отрядына аға ұшқыш-бақылаушы және фотоқызмет бастығы болып, 1937 ж. 19 маусымда ұшқыштар звеносы флагштурман қызметіне тағайындалды. Кейбір деректерге қарағанда Малдыбаев 1937 жылы 17 наурыз 1938 жылы 14 қаңтар аралығында Мәскеудегі әскери-әуе академиясының штурмандық бөлімінде оқыған. Хасан көлі маңындағы ұрысқа, Испаниядағы азамат соғысына қатысқан. Ұшақ апатынан қазаға ұшырады. Зайсан қаласында, Күршім, Марқакөл ауылдарында көше аттары, Шеңгелді ауылындағы мектеп Малдыбаев есімімен аталады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақыпбек Малдыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}