Жақынжол

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖақынжолБетпақдаланың шығысында, Желтау тауларының солтүстік-батысында орналасқан оқшау төбе. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 522 м. Оңтүстік-батысында Қотанақ (537 м) төбесімен шектеседі. Палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген. Қиыршықтасты сұр қоңыр топырағында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өседі. Жазғы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub