Жақсылық (қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Жақсылық — ортағасырлық қала орны. Алматы облысы Талғар қылысынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Жақсылық шатқалында орналасқан. Қаланың тарихи атауы анықталмаған. 1967 — 69 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеу жүргізген. Қала орны төртбұрышты, сырты жал топырақпен қоршалған (биіктігі 2 м, ені 6 — 7 м), бұрыштарында күзет мұнаралары болған. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> Қабырғалық дуалдардың орталықтарында да бір-бір мұнара болғаны байқалады, тек кіреберіс қақпа болған оңтүстік-шығысында ғана оның орны жоқ. Қала дуалының бұрыштары дүниенің төрт құбылысына қаратылған. Дуалдың сыртынан ор қазылған. Оның қазіргі тереңдігі 0,5 м, ені 3 — 4 м. Қала орнына барлық жағынан төртбұрышты қабырғалармен қоршалған территориялар жалғастырылған. Олардың да бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сай келеді. Қала орнының солтүстік-батыс бөлігінде, топырақ жал іргесінен қазба жұмысы жүргізілді. Қаланың орны бірнеше қабаттан тұрады. Соған қарағанда, қала бірнеше рет қайтадан бой көтергенге ұқсайды. Зерттеу барысында табылған заттар (мысады, теңгелер, ыдыс сынықтары, садақ ұштары, әр түрлі әшекей бұйымдарының қалдықтары) мен сәулет құрылыстарының ерекшеліктері қаланың 10 — 13 ғасырлар аралығында Жетісу өңіріндегі ірі сауда мәдени орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді. Қазба кезінде қаланың ішкі жағынан табылған қабірге жерленген мәйіттің сол қолының сұқ саусағынан қоладан жасалған мөрленген сақина табылған. Мөрдің бетіндегі таңбалар 11 ғасырға тән сына жазуының таңбалары екендігі анықталды. Одан түркінің “Тізеңді бүгіп тағзым ет қорқақ” деген дуалы сөзін оқуға болады.

Сілтемелер

<references/> Қазақ энциклопедиясы Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақсылық (қала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}