Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев (30 қараша 1955 жыл, Ақтөбе облысы Алға қаласында туған) - Қазақстан Республикасы бұрынғы денсаулық сақтау министрi. Медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, М.Ломоносов орденімен және «Гипократ» орденімен марапатталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы.

Білімі

Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Кейіннен КСРО МҒА Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында клиникалық ординатураны бітірген.

Қысқаша өмірбаяны

  • 1955 жылдың қарашаның 30 Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.
  • 1973 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектепті бітірген.
  • 1979 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Институтын үздік бітірді.
  • Еңбек қызметін Алға аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастап, содан бас дәрігердің орынбасары болып қызмет істеді.
  • 1988 жылы КСРО МҒА-ның Бүкілодақтық ғылыми хирургиялық орталығындағы клиникалық ординатураны бітірді.
  • 1988 жылдан Ақтөбе Мемлекеттік Институтында аға лаборант, әрі қарай жалпы және госпитальдық хирургия кафедрасында ассистент болып қызмет істеді. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
  • 1993 жылдан 1995 жылдарда А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми-зерттеу институтындағы клиникалық және эксперименттік хирургияда қызмет атқарды, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер жолын өтті, ал 1995 жылдан эндоскопиялық хирургия бөлімін меңгерді.
  • 1994 жылы докторлық диссертацияны қорғады.
  • 1997 жылы оған профессор атағы берілді, 1999 жылы ҚР ҒМА мүшесі болып сайланды.
  • 1998 жылдан 2000 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Академиясының Ректоры болып қызмет атқарды.
  • 2000 жылдың тамыз айында Денсаулық сақтау жөніндегі ҚР Агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды.
  • 2004 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін «Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы» РМҚМ-нің Ректоры болып қызмет істеді.
  • 2007 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдениеттік дамыту жөніндегі Комитеттің Төрағасы.
  • 2008 жылдың қараша айынан - 7 қазан 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
  • 2013 жылдан бастап Республикалық трансплантация орталығын басқарады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}