Жақсыкелді Тұсұпқанұлы Назбиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жақсыкелді Тұсұпқанұлы Назбиев (2. 3. 1953 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Марқақол ауданы, Шанағаты ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1990). Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1980). 1980 жылдан Өскемен құрылыс-жол институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, қазіргі кезде Д. М. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Профессор Ә. Жүнісбековтың жетекшілігімен "Қазақ тілінің буын құрамы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Шығармалары:
- Қазақ тілінің буын құрамы. КДА., А., 1990;
- Сингармонические сегменты в казахском языке. А., 1997;
- Методические разработки пo организации занятий пo русскому языку в условях взаимосвязонного обучения видам Р. Д. Усть-Каменогорск, 1989;
- Мамандық тану пәніне арналған методикалық нұсқаулардың І-бөлімі. Өскемен, 1993.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify