Жақан Сүлейменұлы Ержанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақан Сүлейменұлы Ержанов (10 ақпан 1922 ж., Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қарабұлақ ауылы – 27 ақпан 2003 ж., Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1963), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының (1970) және Қазақстан Республикасы Инженерия академиясының (1993) академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971).

Қазақ кен-металлургия институтын (1944, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын (1947) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Кен ісі институтында инженер (1942–44), кіші ғылыми қызметкер (1947–49), ҚазМУ-да (1949–51, қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, Днепропетровск кен институтының доценті (1951–60), Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика секторында лаборатория меңгерушісі, Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары және бөлім меңгерушісі (1960–68), Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының Бас ғылыми хатшысы (1968–76), Қазақстан Ғылым Академиясы Сейсмология институтының директоры, Қазақстан Ғылым Академиясының Жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы (1976–86), Қазақстан Ғылым Академиясы Математика және механика институтында (1987–91, қазіргі Теория және қолданбалы математика институты), сондай-ақ 1991 жылдан Механика және машинатану институтында лаборатория меңгерушісі (1991–2003) болып қызмет атқарған. Оның негізгі ғылыми еңбектері жер механикасына, жер асты құрылыстарының беріктігі мен орнықтылығын және сейсмикалық төзімділігін есептеу әдістеріне, жер қойнауындағы сейсмикалық процестерді математикалық модельдеуге, жер қабаты қатпарлануының математикалық теориясына, жердің тектоникалық даму механикасына, жердің айналуының жалпы теориясына, т.б. арналған. Ержанов 360-тан астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 38 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.math.kz/erjanov.htm

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақан Сүлейменұлы Ержанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}