Жағда Бабалықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Жағда Бабалықұлы.jpeg
Жағда Бабалықұлы

Жағда Бабалықұлы (1917 ж.т), тарихшы,этнограф-ғалым,шежіреші,қоғам қайраткері.1937-1940 жылдары Тарбағатай аймағының Шәуешек қаласындағы бастауыш мектепте білім алады.1941-1943 жылдары осы қаладағы гимназияда оқиды. 1940 жылдары қазақ жастарының басын қосып,астыртын ұлт-азаттық ұйым құрған.1943-1947 жылдары Үрімжідегі жоғары оқу орнында оқып жүргенде осы әрекеті үшін тұтқындалып,түрмеге қамалады.1956-1958 жылдары Қытайдағы Іле қазақ автономиялы облысының уәлиі болған.Подполковник шенін алып,Қытай мемлекеттік армиясында түрлі басшылық қызметтер атқарған.Қазақтың салт-дәстүрі, ырымдары туралы мол дерек жинақтаған ғалым-зерттеуші. Қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі жеке атаулар мен ұмыт болып бара жатқан сөздердің мағынасы туралы ой толғаған зерттеу мақалалар мен "Қырандар" атты кітаптың авторы. Қажығұмар Шабданұлы өзiнiң алты томдық «Қылмыс» романында Жағда Бабалықұлын адал азамат, бiлiмдар тұлға, нағыз қазақ зиялысы ретiнде суреттейдi. Бiр «қызығы», кейiпкерлерiнiң аты-жөнiн түгел өзгерткен (мәселен, Бұхара Тышқанбаевты Халық Қасқырбаев деп өзгертедi және т.б.) автор Жағда Бабалықұлының аты-жөнiн сол қалпында, өзгерiссiз қалдырған. Шамасы, романдағы Жағда Бабалықұлының жағымды бейнесiне ешкiмнiң де дау айта алмасына сенiмдi болған секiлдi.2010 жылы дүниеден өткен.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.