Жауғаш Қырбасұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Жауғаш Қырбасұлы

Жауғаш Қырбасұлы (1733, Алматы облысы Қарасай ауданы — 1782, Жамбыл облысы Меркі ауданы) — Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Ұлы жүз құрамындағы ботбай руының Қоралас аталығынан шыққан. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, “Жаралы жолбарыс” деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелгі қойылған есімі Жауқашты екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, Жауғаш атанып кеткен. Әкесі Қырбас 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған. Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктерімен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған. Жауғаш 1751 — 1753 жылдары Абылай ханның бірнеше тапсырмаларын тиянақты орындап, сенімді серіктерінің біріне айналды. 1754 — 1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұқар жырау жырларында Абылай хан “Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл” деп мадақтаған Жауғаш батыр осы. Ол Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Сол жылы (1756) қытай генералы Хадаха өз қолына түскен Жауғаш батырды Абылай ханмен келісім жасауға жібереді. Жауғаш батыр 1771 — 1774 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың мәмілегерлікпен аяқталуына ат салысқан. Қырғыз Момохан батыр мен Жайыл батырдың баласы Итекеге ара түсіп, Абылай ханның кескен өлім жазасынан аман алып қалып, қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың сақталуына үлес қосқан. Абылай ханның өмірінің соңына дейін жанында болып, айнымайтын тірегі саналған Жауғаш батырға хан аманат етіп тапсырған, жоңғарларға қарсы соғыстарда көтерген қасиетті жеңіс туы батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы. Денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына жерленген. Қазіргі Жамбыл облысы Меркі ауданы Папанин ауылына Жауғаш батыр есімі берілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Ол — білімді мәмілегер, Қазақ хандығының 1756-58 жылдардағы Қытаймен келісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы қырғыздармен қақтығысының нөтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңіреді. Абылай ханның арнайы шақыруымен Жауғаш жетпісінші жылдардың аяғында қайтадан Арқаға барады. Хан ордасын Түркістанға көшіргенде Тілеуберді, Бүрге батырлармен бірге соның қорғаушысы болады. Жауғаш қандай жағдай болса да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған. Өздерімен соғысқан дүшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сүрап алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары бағалайды. Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болады.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub