Жауыр ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жауыр, көбінесе, жылқыда кездесетін ауру. Жауыр жегіске, мініске пайдаланылатын жылқы шоқтығының, арқасының жарақаттануымен сипатталады. Аурудың негізгі себептері: жылқының мойнындағы қамыттың не арқасындағы ер-тұрманның үйлеспеуі, терлік пен [[тоқымтоқымның лас және қатты түйінді болуы, ер салудың тәртібін сақтамау, т.б. Жауыр болған жылқының арқасы алғашқы кезде домбығып ісінеді. Жұмысқа пайдалануды тоқтатпаса 2 — 3 күннен кейін ісінген жердің терісі іріңдеп, жараға айналады. Жараны антисептикалық дәрілермен емдейді. Жауыр болған малды әбден жазылғанша мінуге, жұмысқа пайдалануға болмайды. Жауыр болмау үшін жұмыс көліктерін, қамыт пен ер-тұрманды дұрыс пайдалану керек.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жауыр ауруы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}