Жауыркезең
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жауыркезең – Жетіжол жотасының орта сілеміндегі асу.
Географиялық орны
Жамбыл облысы Қордай және Алматы облысы Жамбыл аудандарында орналасқан.
Жер бедері
Биіктігі 2500 м-дей. Жетіжол асуының маңындағы шатқалдар беткейінен Жаманты өзені бастау алады. Жылдың барлық мезгілінде салт атты адам өте алады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>