Жатынның аралас режимі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жатынның аралас режимі - өндіру ұңғымасының оқпанына мұнайдың ағып келуі бірнеше қойнауқаттық энергияның қосарлана әсер етуімен сипатталатын, осы энергиялардың әрқайсысы кенорынды игеру процесіне айтарлықтай әсер ететін кен игеру режимі. Әр түрлі режим жатынның түрлі бөлшектерінде бір мезгілде байқалуы немесе уақыт өте келе бір-бірін біртіндеп алмастыруы мүмкін. Суарынды (табиғи немесе жасанды) режимнің суарынды емес режимдермен ұштасуына негізделген режим кеңінен тараған. И.а.р.-не серпінді суарынды, еріген газдық, газданған сұйықтық режимдері жатады. Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала