Жатындарды іздеу және барлау жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жатындарды іздеу және барлау жүйесі - кенорынның өнімді түзілімдері қимасындағы өндірістік мұнай мен газ жатындарын анықтау мен бағалау реттілігі. Жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай бағытталған жүйелер болуы ықтимал. Өндірістік мұнай және газ жатындары бар екендігі дәлелденбеген, бірақ мүмкіндігі бар деп есептелетін алқаптардан кен жатындарын іздеу төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Бұл жүйені пайдалану барысында ұңғымалар кристалдық іргетасқа шейін немесе техникалық тұрғыдан қазіргі тақда мүмкін болған тереңдіктерге шейін бұрғыланады, сөйтіп әр түрлі деңгейлер төменнен жоғары қарай кезек-кезек тексеріледі. Қазірдің өзінде белгілі кенорындар өңірінің терең горизонттарынан жаңа жатындарды іздеу жұмыстары жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Ең ұтымды жүйені таңдап алу жұмыстардың іздеу сатысы нәтижелерімен анықталады және бұл орайда зерттелген өңірдің геологиялық жағдайы, техникалық мүмкіндіктер және экономикалық факторлар мұқият ескеріледі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}