Жатай Жұмаділов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жатай Жұмаділов (1930 жыл 24 наурыз, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент1996 жыл, Жамбыл қаласы) – еңбек ардагері.

Еңбек жолы

  • 1946 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін және 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген;
  • 1945 жылы Сарысу ауданы тұтынушылар одағында есепші;
  • Институтты бітірген соң “Байқадам” орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі;
  • 1957-59 жылдары Сарысу ауданы партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі;
  • 1959-62 жылдары Сарысу аудандық партия комитетінің хатшысы;
  • 1962-65 жылдары Жуалы аудандық партия комитетінде партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;
  • 1965-67 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды;
  • 1967-87 жылдары Жамбыл облысы халық ағарту бөлімін басқарды.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>