Жас Қазақ (журнал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жас қазақ — қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы.


1923 жылдың қазан айынан 1925 жылдың сәуіріне дейін Орынборда шығып тұрды. Редакторлары — Е.Алдоңғаров, А.Оразбаева, А.Сегізбаев. Журнал қазақ жастарын сауатсыздықты жоюға, өнер-білімге ұмтылуға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге, тап жауларымен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Оларға кооператив, кедей ұйымдарын ашу жолдарын түсіндірді. “Жас қазақ” сол кездегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын, көне әдебиет мұраларын жариялап тұрды. 1925 жылы Ташкентте шығып тұрған “Жас қайрат” журналымен қосылып, “Лениншіл жас” журналы болып шықты.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}