Жас түріктер төңкерісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жас түріктер төңкерісі (1908) — Түркияда болған прогресшіл жастар төңкерісі. Сұлтан Абдулхамид ІІ-нің жеке билігін жойып, мемлекетте конституциялық құрылыс орнату мақсатын көздеді. Төңкеріске “Бірлік және прогресс” атты құпия ұйым басшылық жасады. 1908 жылы 3 шілдеде лейтенант Ниязи басқарған, 6 шілдеде майор Әнуар басқарған түрік партизандары көтеріліске шықты. Бірнеше күннен кейін көтерілісшілерге Македониядағы түрік әскерлері бөлімдерінің көпшілігі қосылып, оларды македон және албан партизандары да қолдады. 23 шілде күні көтерілісшілер Македониядағы Салоники, Монастыр, т.б. ірі қалаларды басып алды. Қарсылық көрсетудің пайдасыз екеніне көзі жеткен Абдулхамид ІІ парламент шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жас түріктер төңкерісінің жеңіске жетуі елде жаппай көтеріңкі рух туғызып, “Бостандық, теңдік, бауырластық, әділдік” ұранымен салтанатты жиындар мен шерулер болып өтті. Абақтыға жабылған, айдалған ондаған мың адамдар босатылып, цензура жойылды. Елде конституциялық құрылыс орнады. Бірақ үкімет басына келгеннен кейін жас түріктер өздерінің көптеген уәделерін орындай алмады. Шаруаларға жер бөлініп берілмеді, жұмысшы ереуілдері басып тасталды. Бұл бұқара халықтың наразылығын туғызды. Ірі державалар елдің ішкі-сыртқы саясатына араласа бастады. Жас түріктер сыртқы саясатта Германиямен одақтасып, Түркияны 1-дүниежүзілік соғысқа киліктірді.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала