Жасқұсқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ЖАСҚҰСҚҰМ – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігіндегі тұзды қақтар арасындағы құм. Алқап солтүстік-шығыс бағытқа созылып жатыр. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында. Аумағы 120 км², биіктігі 6 – 8 м, ені 2 – 10 км-дей. Жер асты суы 1,5 м тереңдікте (тұщы). Құм етегінде тал аралас терек, жиде, итмұрын, айрауық, түйе жоңышқа, өлеңшөп, қамыс, жүзгін, жусан өседі. Мал жайылымына қолайлы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>