Жасырынбақ (әңгіме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жасырынбақ- Б.Соқпақбаевтың балаларға арналып жазылған әңгімесі. Одан басқа да бұл автор балаларға көптеген әңгімелер жазған. Оларды төменде көре аласыз. Ішіндегі ең танымалы - Менің атым Қожа (повесть)

Қысқаша мазмұны

Бұл әңгіме балалардың жасырынбақ ойнағандағы болған оқиғасы туралы. Ойыннан кейін ұлдар жасырынбақты қыз балалар да ойнай алатынын түсінеді.

Шығарма кейіпкерлері

  • Әбдірахман - жасырынбақ ойнауды Әбдірахман шығарды. Балалардың ішіндегі ересегі осы, бесінші сыныпта оқиды. Дене тұрпаты ұзынтұралау, мінезі адуындау ақ сұр бала.
  • Тұрбек пен Сыдық - екеуі де төртінші сыныпта оқиды. Біреу өзі тиіспесе, бұлар ешкімге шатақ іздеп ұрынбайтын басалқалы балалар.
  • Алмабек - сотқар бала. Өз қораларының үстінде отырып алып, өткеннің барлығын рогаткасымен атып отырады. Торғайларды әбден запы етіп, үркітіп бітті.
  • Назым - Тұрбектің қарындасы, бірінші сыныпта оқиды. Екі иығында желбірі бар, жеңсіз көк шұбар көйлек киген, топ-толық қара домалақ қыз. Көзі шегірлеу.

Тағы қараңыз

  1. Бердібек Соқпақбаев
  2. Менің атым Қожа (повесть)
  3. Шал мен Бала (әңгіме)
  4. Ұйқы келтіретін дәрі (әңгіме)
  5. Ұлтан оқиғасы
  6. Боранда (әңгіме)

Дереккөздер

http://kitap.kz/