Жасымықша ядро

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gray741.png
Жасымықша ядро
Жасымықша ядро (чечевицеобразное ядро); (Үлгі:Lang-la; nucleus — ядро, lentiformis — жасымық тәрізді) —үлкен ми сыңарларының жабыны астында орналасқан жолақты дене ядросы. Жасымықша ядро мидың жолақты денесі күйрықты ядросының басы мен аралық ми көру төмпегінің сыртқы бүйірінде орналасып, олардан ақзаттық аралық (ішкі қабық) арқылы бөлініп тұрады. Жасымықша ядроның сыртқы бүйір бөлігін қауыз, ал тарихи жағынан ең көне ішкі бөлігін солғын ядро деп атайды. Солғын ядро көру төмпегінің сыртқы бүйірінде, латеральды тобықты дененің алдыңғы жағында жатады және қызметі жағынан иіс миымен тығыз байланыста болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жасымықша ядро|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}