Жасыбай батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Жасыбай Өмiрұлы - қазақ батыры.

Өмірбаяны

XVIII ғасырда өмір сүрген. Орта жүздің арғын тайпасынан шыққан. Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай ба­тыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқан.

Күресі

Бір шайқас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жiбермеудi тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екi есе көп жау қолымен асқан ерлiкпен соғысады.Бiрақ оқыс тиген жау садағының оғынан қайтыс болады. Қазақ қолы шегiне бастайды.Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кiредi. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естiп, қалмақтарды қырып салады. Бұл күнде ол жер Қалмаққырылған деп аталады.

Есімімен аталатын жерлер

Қазiргi Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлi, Жасыбай тауы деген жерлер бар. Жасыбай батырдың бейiтi сол асудың үстiнде. Халық арасында батырдың ерлiгiн баяндайтын Ер Жасыбай жыры сақталған. <ref>М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub