Жасуша орталығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жасуша орталығы (клеточный центр) — адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>


Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала